{metadescription}
ІІМ автобустардың жылдамдығына қатысты талаптарды түсіндірді

ІІМ автобустардың жылдамдығына қатысты талаптарды түсіндірді

Республика бойынша автобустардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны артуына байланысты, ҚР ІІМ автобустардың жылдамдығына қатысты жаңа ережелер енгізбекші. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

— Жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру және елдегі жол жағдайын жақсарту мақсатында жолда жүру қағидаларына елді мекендердегі автобустардың жылдамдығын төмендетуге қатысты түзетулер енгізілді. Бұл түзетулер ағымдағы жылдың 6 мамырынан бастап күшіне енді. Талдау көрсеткендей, республика бойынша автобустардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны 56%-ға өскен. Тек биылдың өзінде автобустардың қатысуымен болған жол апаттарында 25 адам қаза тауып, 445 адам түрлі жарақат алды. Автобустар көлемінің үлкендігі мен жолаушылардың көп шоғырлануына байланысты басқа көліктермен салыстырғанда қауіптірек. Олардың жоғары жылдамдықпен жүруі ауыр зардапты жол апаттарына әкеп соғады, сондықтан оларға қатысты елді мекендерде жылдамдығы 50 км/сағат болуы керек деген шектеу шаралары қабылданды, — деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Аталған бұйрық 2023 жылғы 30 қараша мен 14 желтоқсан аралығында «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Ашық талқылау кезінде бұйрық жобасы бойынша 100-ге жуық ұсыныс келіп түсті, олар министрлік тарапынан ескерілді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.