{metadescription}
Геннадий Головкин Назым Қызайбайды қола жүлдесімен құттықтады

Геннадий Головкин Назым Қызайбайды қола жүлдесімен құттықтады

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер боксынан қола жүлдегер атанған Назым Қызайбайды ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин құттықтады.

«Назымды Олимпиада ойындарының қола медалімен құттықтаймын! Назым ұзақ жылдар бойы еліміздегі әйелдер боксының жарқын өкілі әрі команданың көшбасшысы болып келеді. Өзінің алғашқы Олимпиадасына қатысқанына қарамастан, ол әлемдегі ең мықты спортшылардың қатарынан екенін тағы бір дәлелдеді. Сіздің бұл жетістігіңіз көптеген жас атлетке жігер сыйлап, еңбек пен төзімнің ақталатынына шынайы үлгі болсын деп тілеймін. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан Назым мен оның бапкері Долкунжан Камековты және барша қазақстандықтарды Олимпиада медалімен құттықтаймын!», - деді Геннадий Головкин.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.