{metadescription}
Уранға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі өзгереді

Уранға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі өзгереді

Уранға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесіөзгереді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді, деп жазады kazinform.

«ҚР Салық кодексінің 746-бабының 1-тармағына «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» «Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі №105-VIII өзгерістер енгізілді. Онда экономиканың тау-кен металлургия секторының жер қойнауын пайдаланушылары үшін өндірілген уранға пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемелерін (ПҚӨС) 2 кезеңмен арттыруды көздейді», - делінген хабарламада.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап өндірілген уран ПҚӨС мөлшері 6-дан 9 пайызға дейін артады. Бұдан әрі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жылдық өндіру көлеміне және уранның орташа өлшенген бағасына байланысты уранға сараланған ставкалар енгізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.