{metadescription}
Оралда көпір жөндеу кезінде 47 жастағы жұмысшы өзенге құлап қайтыс болды

Оралда көпір жөндеу кезінде 47 жастағы жұмысшы өзенге құлап қайтыс болды

Орал қаласында Шаған өзенінен өтетін жаяу көпірді жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кезінде 47 жастағы ер адам қаза тапты, деп жазады Kazinform.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жазатайым оқиға 6 тамыз күні болды.

«Абайсызда қаладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметкері, 1977 жылғы ер адам көпірден суға құлап, батып кеткен. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеді. Қазіргі кезде мән-жайы анықталу үстінде», - деп хабарлады.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, жедел жәрдем станциясына сағат 15.29-да қоңырау шалынған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы 1977 жылғы ер адамның қайтыс болғанын нақтылады.

Аталмыш жаяу көпір биылғы су тасқыны кезінде қираған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.