{metadescription}
Қор нарығында доллар арзандады

Қор нарығында доллар арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,35 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 475,62 теңге.

Ұлттық банктің 7 тамыздағы ресми бағамы — 1 долларға 479,40 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5, 61 теңге. Еуро — 522,93.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 475,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 478,1 теңге. Еуро 517,5 — 522 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы — 475 теңге, сатып алу құны — 479 теңге. Еуро 516 теңгеден сатылып, 521 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 5,40 — 5,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.