{metadescription}
Петропавлда бір отбасында он тоғызыншы бала дүниеге келді

Петропавлда бір отбасында он тоғызыншы бала дүниеге келді

Петропавлдағы ең көпбалалы отбасында тағы бір нәресте дүниеге келді. Ерлі-зайыпты Култышевтер 19-ыншы нәрестесін өмірге әкелді. 

Қуанышты хабармен Петропавлдағы перинаталдық орталық бөлісті. 

«Бойы 56 сантиметр, салмағы 4 250 грамм болатын сүйкімді қыз өмірге келді. Бұл – қуаныш пен бақыт сыйлайтын өте керемет оқиға. Шаңырақтарыңыздан береке-бірлік кетпей, жылулыққа толы болсын», - делінген перинаталдық орталықтың әлеуметтік желідегі парақшасында

Солтүстік Қазақстан облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталық директоры Елена Калюжнаяның айтуынша, нәресте 6 тамыз күні таңғы сағат 5.20-да дүниеге келген. 

«Ана мен баланың жағдайы жақсы. Ертең үйлеріне жіберуіміз мүмкін. Жаңа босанған жас ананың жасы 43-те. Нәрестенің әкесі – 45-те. 19 баланың барлығы біздің перинаталдық орталықта дүниеге келген», - дейді Елена Калюжная.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.