{metadescription}
«Дикий Арман» жетекшілік еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың 15 мүшесі ұсталды

«Дикий Арман» жетекшілік еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың 15 мүшесі ұсталды

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Алматы мен Шымкент қалаларында қылмыстық топтың мүшелерін ұстады. Арасында «Дикий Арман» жетекшілік еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың 15 мүшесі де бар. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Ішкі істер органдары соңғы екі жылда 140-тан астам осындай топтардың қызметі тоқтатып, криминалитеттің 550-ден астам өкілі жауапқа тартты. 

«Аса қауіпті қылмыстық топтарды, оның ішінде «қаңтар оқиғасы» кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарды құрықтау бойынша белсенді кезең аяқталуда. Ағымдағы жылдың тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Бас прокуратурамен бірлесіп, Алматы және Шымкент қалаларында бір уақытта «Дикий Арманның» ұйымдасқан қылмыстық тобының 15 ықтимал мүшесіне қатысты ұстау және тінту шаралары жүргізілді. Топтың жетекшісі мен негізгі мүшелері қамауға алынғанымен, оның басқа мүшелері бостандықта заңсыз әрекеттерді жасауды жалғастырған. 40-тан астам тінту іс-шаралары жүргізіліп, атыс, травматикалық және суық қару, сондай-ақ олардың құқыққа қайшы қызметінің өзге де заттай дәлелдемелері тәркіленді. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұдан басқа, ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен бірлесіп, ұйымдасқан қылмыстық топтың көшбасшылары мен негізгі қатысушылары отырған мекемелерде жедел жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермеу және тиісті режимді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданып отыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады», — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.