Қырғызстан президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 8-10 тамызда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне және «Орталық Азия+Жапония» Диалогы мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысу үшін Астанаға келеді.
Фото: Аkorda.kz
12:45 07.08.2024
Қырғыз Республикасы Президенті әкімшілігі Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Әзімбақиевтің айтуынша, сапар аясында Қырғыз көшбасшысы Жапония Премьер-министрі Фумио Кисидамен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.
Астанада өтетін алдағы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі мен «Орталық Азия+Жапония» диалогы мемлекеттер басшыларының Саммиті көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай — ақ өңірлік өзара іс-қимыл перспективаларын талқылауға бағытталады, — деп атап өтті Мұратбек Әзімбақиев.
Сондай-ақ, саммит аясында Садыр Жапаровтың «Орталық Азия+Жапония» бизнес-форумына қатысуы жоспарланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!