Air Astana әуекомпаниясы бүгін рейстер кешігетінін мәлімдеді
Air Astana әуекомпаниясы 9 тамыз күні рейстердің кешігуі мүмкін екенін хабарлады.
12:27 09.08.2024
Рейстердің кешігу себебі 8 тамыз күні Астанада болған дауыл мен бұршақтың салдарынан болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта әуекомпания бұршақтың салдарынан төрт ұшақтың зақымдалғанын анықтады. Әуекомпания инженерлері қажетті тексеру және жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жөндеу жұмыстары бірнеше күннен кейін бітеді.
«Жолаушыларымыздан әуежайға жол тартпас бұрын рейс статусын әуекомпания сайтында тексерулерін сұраймыз», - делінген әуекомпания хабарламасында.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!