{metadescription}
Ақтөбеде жол апатынан екі адам көз жұмды

Ақтөбеде жол апатынан екі адам көз жұмды

Самара — Шымкент тасжолының Дөң ауылы маңында жүк және жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан 2 адам көз жұмып, үшеуі ауруханаға жеткізілді.

Оқиға бүгін сағат шамамен 6:00–де Хромтау ауданы Дөң кентінің маңында болды. Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Lada Largus автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысты. Оқиға орнында Lada Largus көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушы қайтыс болды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, барлық қажетті сараптама жүргізіліп жатыр. 

«Хромтау аудандық ауруханасының жедел медициналық көмек бригадасы оқиға орнына жеткен кезде екі адамның өлімін тіркеді. Үш адам Хромтау қаласына жеткізілді. Оларды кезекші хирург дәрігер қарап, амбураторлы түрде ем қабылдауға жіберді. Тағы екі адам дәрігерге қаралмады», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.