Екібастұздағы көмір кенішінде кеншілер мінген автобус аударылды
«Богатырь» компаниясының 24 кеншісі мінген автобус жол жиегіне аударылды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Фото: Kazinform
12:30 12.08.2024
- ПАЗ маркалы автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылған. Автобус салонында компанияның 24 қызметкері болған. Жол-көлік апаты салдарынан қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді,-деп хабарлады Павлодар облысы полиця департаментінің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, Павлодарда скутерге мінген екі жасөспірім Камазға соғылып, көз жұмды.
«Апат салдарынан техника рулінде отырған бала сол жерде тіл тартпай кеткен. Ал екіншісі жедел жәрдем көлігімен Павлодар қаласындағы № 1 ауруханаға жеткізілген. Алайда алған жарақаты ауыр болып, ауруханада көз жұмды», -деп мәлімдеді полициядан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!