Алдағы үш күнде Қазақстанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанда 13-15 тамыздағы ауа райы солтүстік атлантикалық циклонға байланысты болады.
Фото: freepik.com
12:49 12.08.2024
Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылып тұрады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, бұршақ жауады, деп болжайды синоптиктер.
- 13 тамызда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, 14-16 тамызда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша жел күшейеді. Қазақстанның оңтүстігінде және шығысында күндіз +35+38°C қатты ыстық күтіледі, термометр +18+26°C-тан +22+33°C-қа дейін ауытқиды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!