{metadescription}
Ақмола облысында жұмысшының үстіне жүк тиегіш құлап, мерт болды

Ақмола облысында жұмысшының үстіне жүк тиегіш құлап, мерт болды

Ақмола облысында 37 жастағы жұмысшының үстіне жүк тиегіш құлап, ол алған дене жарақатынан көз жұмды. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға жайында Көкшетау қаласының полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарлаған, деп жазады kazinform.

Белгілі болғандай, ер адам жергілікті кәсіпорындардың бірінде жұмыс істеген. Жөндеу жұмыстары кезінде оның үстіне жүк тиегіш құлаған.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен бірге, мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан да тексеріс жүргізіліп жатыр», - деп түсіндірді ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде