{metadescription}
Атырау облыстық білім басқармасының басшысы тағайындалды

Атырау облыстық білім басқармасының басшысы тағайындалды

Бүгін Атырау облыстық білім басқармасының басшысы тағайындалды. Атырау облысы әкімінің өкімімен бұл лауазымды Марат Әбуов атқаратын болды. 

Атырау облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Марат Әлменұлы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін шетел тілі, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік басқару академиясынан магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын білім саласында ұстаздық етуден бастаған. 1999-2004 жылдары Қызылқоға ауданындағы Х.Досмұхамедов атындағы орта мектептің мұғалімі болған. 2004-2005 жылдары Қызылқоға аудандық білім беру бөлімінде, 2005-2008 жылдары аралығында Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінде бас маман болып жұмыс істеген.

Ал, 2008-2011 жылдары Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінде бөлім меңгерушісі, 2011-2017 жылдары Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2017-2022 жылдары Қызылқоға ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған.

2022 жылдан бастап бүгінгі тағайындауға дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.