Таулы туризмде жаңа сөз: Шымбұлақ пен MONA YongPyong демалушыларға бірегей ұсыныстар жасау үшін бірігуде
Шымбұлақ тау курорты Шығыс және Орта Азиядағы таулы туризмнің екі жетекші бағытын біріктіріп, Оңтүстік Кореяның MONA Yong Pyong ірі курортымен стратегиялық серіктестік орнатып жатыр. Kazakh Tourism-мен бірлескен бұл серіктестің екі елдің туристтеріне қысқы демалыстың бірегей мүмкіндіктері мен эксклюзивті ұсыныстарымен екі ел туристтері үшін де жаңа көкжиектерді ашуға мүмкіндік береді.
14:40 12.08.2024
2024 жылдың 8 тамызында Пхёнчханда келесі негізгі бастамаларды қарастыратын келісімге қол қойылды:
1. Кіріс туризмнін дамыту. Келісімшарт аясында тараптар Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында жыл сайын туристтер мен нұсқаушылар алмасу туралы келісті. 2024-2025 жылғы маусымда Шымбұлаққа Оңтүстік Кореядан 15 000-ға жуық турист келеді деп күтілуде. Оларға курорт қонақ үйлерінде және Алматы қаласындағы серіктестердің қонақ үйлерінде тұру, 3,5 немесе 7 күнге скипасс және жабдықтарды сақтау локерлері кіретін пакет ұсынылады.
2. Спортшылардың қатысуы: Оңтүстік Корея спортшылары Шымбұлақтағы тау шаңғысынан Азия Кубогы, фристайлдан Әлем Кубогының кезеңдері және басқа да маңызды спорттық шараларға белсенді қатысады. Сондай-ақ осы серіктестік аясында Шымбұлақ курортында оңтүстік кореялық спортшылардың оқу-жаттығу жиындары өтеді. Бұл екі ел арасындағы спорттық байланысты нығайтып қана қоймай, екі курорттың әлемдік аренадағы беделін арттырады.
3. Қазақстандық туристтерге эксклюзивті ұсыныстар: қысқы демалысты жаны сүйетін қазақстандықтар үшін ішіне тұрақтау, ски-пасттар және тамақтану кіретін, корейлік курорттың барлық қызметтері көрсетілетін арнайы «мембер карта» жасалады. Ол бірегей өнім 2024-2025 жылғы маусымда қолданысқа енеді.
Бұдан бөлек, Шымбұлақтың маусымдық картасын алғандар MONA Yong Pyong-та сырғанауға 4 күндік тегін абонементті пайдалана алады, одан кейінгі күндері сырғанауға 50% жеңілдік болады. Сондай-ақ курорт қонақ үйінде тұруға жеңілдіктер беріледі.
Шымбұлақ тау курортының бас директоры Ринат Абдрахмановтың пікірі:
«Біз MONA Yong Pyong-пен қуана стратегиялық серіктес болып жатырмыз, ол бізге қазақстандық және корейлік туристтерге демалыстың және спорттың жаңа мүмкіндіктерін ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл серіктестік біз үшін жаңа көкжиектер ашып, Шымбұлақтың халықаралық аренадағы позициясын нығайтады. Қазақстандың туристтер екі курорттағы жаңа ұсыныстар мен жоғары қызмет көрсету деңгейін бағалайды деген сенімдеміз».
Курорт жетекшілері бұл серіктестік аймақтағы тау-шаңғы туризмі дамуының катализаторына айналып, демалушыларға бірегей мүмкіндіктер ұсынады деп сенеді. Kazakh Tourism баспасөз қызметі
“Бұл серіктестіктің тек келешегі зор ғана емес, ол қысқы демалыстың жаңа шекараларын ашып, екі елдің туристтері үшін де тиімді болғалы тұр”, - деп атап өтті.
Анықтама:
*1954 жылы негізі қаланған Шымбұлақ тау курорты Қазақстанның Алматы қаласынан 15 минуттық жерде, Іле Алатауының теңіз деңгейінен 2260 метр биіктіктегі көркем шатқалында орналасқан. Курорттың әлем чемпионаттары, фристайлдан Әлем кубогы кезеңдері сияқты халықаралық сайыстар өткізу тәжірибесі мол.
*1975 жылы ашылған, Барвансан тау жотасындағы Yong Pyong курорты – Оңтүстік Кореядағы алғашқы шаңғы базасы, ол 35 жыл бойы елдің ең танымал тау-шаңғы курорты болып келеді. 2018 жылы Yong Pyong Қысқы олимпиада ойындарындағы негізгі объектілердің бірі болды, бұл оның халықаралық жоғары беделін және инфрақұрылымының жоғары сапасын көрсетеді.
Бұл серіктестік келешегі мол әрі қысқы демалыстың жаңа шекараларын ашып, екі елдің туристтеріне тиімді болғалы тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!