Балаларды ұрып-соғып, байлап кеткен: Алматы облысындағы атышулы істі тергеу аяқталды
Алматы облысы Жамбыл ауданында төрт балаға шабуыл жасаған күдіктіге қатысты тергеу аяқталды.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
15:21 12.08.2024
Прокуратура мәліметінше, үйге баса-көктеп кіріп, балаларды ұрып-соғып, байлап кеткен ер адам үш бап бойынша күдікке ілінді.
«Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі, 126-баптың 2-бөлігінің 5, 7-тармағы, 149-бабының 2-бөлігі, 120-баптың 1-бөлігі «Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп немесе жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынасқа түсу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, қылмыстық іс аудандық прокуратурасына келіп түсті.
«Іс материалы зерттеу қортындысына сәйкес, сотқа жіберу мәселесі шешілетін болады»,– деп хабарлады ведомстводан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!