{metadescription}
Орман өрті өршіп тұр

Орман өрті өршіп тұр

Өрттің биіктігі 25 метрден асады, түтін Афинаға дейін жеткен. Бірнеше ауыл мен қала тұрғындары эвакуацияланды. 11 тамызда 40 жердегі өрттің 33-і ауыздықталған, деп жазады DW.

Афинаның солтүстігінде үлкен өрт жалғасуда: түтін көтеріліп, өрттен оңтүстікке қарай 30 шақырым жерде орналасқан Греция астанасына жетті. Грекияның бірнеше ауылы мен қаласының тұрғындары эвакуацияланды. Жексенбі, 11 тамыз күні кешке грек телеарнасы жүздеген жергілікті тұрғындарды өрт сөндіру көліктері мен полиция қауіпсіз жерге жеткізгенін хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, өрттен зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген, бірақ ғимараттардың зақымдануы мен қирауы туралы мәлімет жоқ. Тележурналистер ондаған үйдің өртеніп жатқанын көргенін хабарлады. Кейбіреулерінде адамдар өрт қаупіне қарамастан үйлерінен шығудан бас тартып, бау-бақша шлангілерімен су шашып, мүліктерін құтқаруға тырысып жатыр, деп хабарлайды жергілікті БАҚ өкілдері.

Өрт сөндіру қызметінің өкілі Грекия радиосында «өрттің биіктігі 25 метрден асатынын» хабарлаған. Оның айтуынша, күн батқанша 29 өрт сөндіру ұшағы мен тікұшағы ұшырылған, өртті сөндіруге бірнеше жүз өрт сөндіруші мен көптеген еріктілер жұмылдырылған. Мәліметтерге сәйкес, туристік орындарға қауіп төніп тұрған жоқ.

Грекияда өрт туралы ескерту жарияланды

Метеорологтар Эгей теңізінде демалыс күндері болған құрғақшылық пен қатты жел бірнеше минут ішінде кішкентай өртті үлкен өртке айналдыруы мүмкін деп ескерткен. Дегенмен, жаппай өрттің шығу себебі әлі белгісіз.

Елдегі азаматтық қорғаныс қызметі өкілдерінің айтуынша, алдағы күндері жағдай аса қауіпті болады. Грекияның басым бөлігінде бірнеше ай бойы қалыпты жауын-шашын байқалмаған, 12 тамызда температура Цельсий бағаны бойынша 39 градусқа жетеді деп күтілуде. Елдің батысында ең қатты аптап ыстық болуы болжанған, 15 тамызға дейін мұндай ауа райы орман өрттерін ушықтыруы мүмкін. Қатты жел мен қатты құрғақшылық салдарынан «Грецияның жарты бөлігі қауіпті қызыл аймақта» тұр.

11 тамызда кей жерлерде желдің жылдамдығы сағатына 90 шақырымға жетті, бұл күнді өрт сөндіру үшін ең қиын күн деп айтуға болады. Грекия 1960 жылдан бергі ең ыстық маусым мен шілде айларын бастан кешіруде, бұл орман өрттерін өршітті.

Билік Марафон қаласын эвакуациялауға бұйрық берді

Грек үкіметі 11 тамызда Афины іргесіндегі тарихи Марафон қаласын дала өрті қаупі жоғары болғандықтан эвакуациялауға бұйрық берді. 30 мыңнан астам тұрғын теңіз жағалауындағы Неа-Макри қаласына эвакуацияланды, деп хабарлады өрт сөндіру қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.