Алматыда пәтерінде «есірткі үйін» ұйымдастырған азамат сотталды
Алматы полициясы осы жылдың сәуір айында өз үйінде есірткі притонын ұйымдастырған тұрғынды тұтқындаған болатын, деп жазады kazinform.
Фото: polisia.kz
08:05 13.08.2024
Әуезов аудандық соты қылмыскерді 3 жылға соттады.
«Әуезов ауданының тұрғындарының бірі өзінің пәтерінде есірткі заты – героинді қолдану үшін үй-жай беріп, «есірткі үйін» ұйымдастырған. Пәтерді тінту кезінде электронды таразылар, пайдаланылмаған шприцтер, құрамында өсімдік тектес және ұнтақ түріндегі заттары бар байламдар табылып, тәркіленді», – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасынан.
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының үкімімен А. есімді азамат ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі және ҚР ҚК-нің 302-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!