Әлеуметтік азық-түлік бағасының орташа индексі 0,1% төмендеді
Өткен аптада әлеуметтік азық-түлік бағасының орташа индексі 0,1% - ға төмендеп, жылдық өсу қарқыны нөлге түсті, деп жазады kazinform.
Фото: Сауда комитеті
10:23 13.08.2024
Өткен аптадағы баға туралы 10 тамыз, сенбі күні Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен әлеуметтік маңызды азық-түлік (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру жөніндегі кеңесте айтылды, деп хабарлайды Сауда комитетінің баспасөз қызметі.
Бұл басқа тауарлар мен қызметтер сияқты азық–түлік өндірісінің қымбаттауына нарықтың жалпы факторлары әсер етеді. Оған теңге бағамының әлсіреуі, коммуналдық және теміржол тарифтері мен жалақының өсуі себеп. ӘМАТ бағасының өсуін нөлдік дәлізде ұстап тұруға маусымаралық кезең мен азық-түліктің әрбір 19 түріне бағаның ең төменгі өсуінің себептерін өңірлермен егжей-тегжей талқылап, жедел және жүйелі шаралар қабылдайтын апта сайынғы үкіметтегі кеңестер мүмкіндік береді.
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың мәліметінше, бір апта ішінде көкөністердің маусымдық бағасы арзандауда - сәбіз (-1,1%) және картоп (-0,6%) бағасының маусымдық төмендеуі басталды, жұмыртқа (-0,5%), күріш (-0,2%), қант (-0,3%), айран (-0,4%), қарақұмық жармасы (-0,2%), бірінші сортты нан және ұн (- 0,1%), сиыр еті (-0,1%) арзандады. Ұзақ уақыт бойы баға төмендеуі байқалған күнбағыс майының құны 0,5%-ға, тұз (0,2%), май (0,3%) қымбаттаған.
Алдағы уақытта Қазақстанға бидай импортына толық тыйым салуды назарға ала отырып, әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру үшін вице-премьер Азық-түлік корпорациясына ұн тартушылар үшін қазақстандық және ресейлік бидай арасындағы баға теңгерімін теңестіру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, фермерлердің Қытай тарапынан бидай импортын тоқтата тұру туралы шағымдарына байланысты Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы министрлігіне салалық ведомство басшылығының осы мәселе бойынша келіссөздер жүргізу үшін ҚХР-ға ресми сапарын дайындауды тапсырды.
Барлық өңірлер маусымаралық кезеңде көкөністердің күзгі егініне жеткілікті көлемде келісімшарт жасады - бұл туралы кеңесте ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы хабарлады. Барлық өңірлер бойынша көкөністерді келісімшарттаудың жалпы көлемі күзгі маусымаралық кезеңге қажеттілік көлемінің 108% -186% -ын құрайды. Енді көкөністер мен басқа да әлеуметтік азық –түлік өнімдерін қыс пен көктемгі маусымаралық кезеңге арналған тұрақтандыру қорларына сатып алу үшін өңірлерде жәрмеңкелер басталады. Біріншісі 16-17 тамызда Қызылордада, одан кейін Түркістан, Жамбыл және Павлодар облыстарында өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!