{metadescription}
Отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімі әзірленеді

Отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімі әзірленеді

Осы жылдың соңына дейін отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасақталады, деп жазады kazinform.

Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты. 

“Бүгінде отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімін жинақтау жұмысы жүргізіліп жатыр. Тізілімде отандық тауар өндірушілер туралы ақпарат, оның ішінде шығарылатын өнім, көлемі, көрсетілетін қызмет түрлері және қызметкерлер саны туралы толық мәлімет қамтылатын болады», - деді ол.

Министрдің сөзіне қарағанда, тізілімге енгізілген субъектілер мемлекеттік қолдау шараларына, сонымен қатар, мемлекеттік, квазимемлекеттік және жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың сатып алуларына қатыса алады.

«Тізілімге енгізілген өндірушілерге локализациялауды арттыру шарты қойылады. Осы жылдың соңына дейін тізілімді іске қосу жұмыстарын толық аяқтау көзделіп отыр», - деді Қанат Шарлапаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде