{metadescription}
2025 жылдан бастап шағын бизнестен мемлекеттік сатып алу көлемін Қаржы министрлігі бекітеді

2025 жылдан бастап шағын бизнестен мемлекеттік сатып алу көлемін Қаржы министрлігі бекітеді

2025 жылдан бастап шағын және орта бизнестен мемлекеттік сатып алу көлемін Қаржы министрлігі бекітеді, деп жазады kazinform.

Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев осындай мәлімет айтты.

«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Қаржы министрлігі бекіткен тәртіппен және көлемдерде сатып алу көзделіп отыр.
Бұл отандық шағын және орта бизнесті қолдауға және оларды сатып алу көлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тізбенің жобасы мүдделі мемлекеттік органдар пысықтап жатыр. Тізбе 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыста болады», - деді ол.

Сондай-ақ, ол камералдық бақылаулар арқылы өзімізде бар өнімді сырттан сатып алу фактілерінің жолы кесіліп жатқанын мәлім етті.

«Енді отандық тауарлардың орнына шетелдік тауарлар сатып алынған сатып алу қорытындыларының күшін мемлекеттік аудит органдары жояды. Мысалы биылғы сәуірден бастап 25 млн теңгеге 8 сатып алудың күші жойылды», - деді министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде