{metadescription}
2027 жылға дейін 9 шетелдік компания жергіліктендіріледі

2027 жылға дейін 9 шетелдік компания жергіліктендіріледі

2027 жылға дейін 9 шетелдік компания жергіліктендіріледі, деп жазады kazinform.

Бүгін Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов айтты.

«2022-2023 жылдары 5 өндіріс жергіліктендірілді. Олар: Wika, Honeywell , PetrolValves, «Sigma Solutions», N.Vent (США), Eltherm, Schneider Electric сынды басқа да команиялар. Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру 177 жаңа жұмыс орнын құруға, 13,8 млн доллар көлемінде инвестициялар тартуға, ең бастысы, ел ішінде қосылған құны жоғары тауарларды өндіру мен шығару құзыретін алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, осы жылы ел аумағында Leser (Германия), Beruseal (Оңтүстік Африка), John Crane (АҚШ) компанияларымен мұнай-газ саласында неғұрлым талап етілетін бірегей тауарлардың үш жаңа тауар өндірісін жергіліктендіру жоспарланып отыр», - деді вице-министр.

Оның дерегінше, бұл жобалар 34 жаңа жұмыс орнын құруға, 3 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

«Сондай-ақ, 2027 жылға дейінгі қысқа мерзімді перспективада Hi Air Korea (Корея), SLB (АҚШ), Baker Hughes (АҚШ), Breda Energia (Италия), Flowserve (АҚШ), Swagelok (АҚШ) компаниялармен жергіліктендіру жоспарланып отыр. Жоғарыда аталған алты жоба шамамен 127 жаңа жұмыс орнын құруға, 17,5 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік береді», - деді Ерлан Ақкенженов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде