{metadescription}
Су тасқыны кезінде баспанасыз қалған тұрғындар күн суықта далада қалмайды - министр

Су тасқыны кезінде баспанасыз қалған тұрғындар күн суықта далада қалмайды - министр

Су тасқыны кезінде баспанасыз қалған тұрғындар қыста далада қалмайды, деп жазады kazinform.

Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

«Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында – 775, Ақмола облысында – 331, Ақтөбе облысында – 504, Атырау облысында 100 үй салып жатырмыз. Менің ойымша, қыркүйекке дейін құрылыс жұмыстарының 80 пайызын аяқтаймыз. Бірнеше нысанның құрылысы 15-20 қыркүйекке дейін созылуы мүмкін. Басты мақсатымыз – қыркүйектің соңына дейін құрылысты толық аяқтау», - деді БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген министр.

Оның дерегінше, Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында 60 үйдің Сырым ауданында 14 үйдің құрылысы толықтай аяқталды. Сырым ауданында қалған үйлердің құрылыс жұмыстары 25 тамызға дейін аяқталады.

«Ақтөбе облысындағы жағдай жаман емес. Тек бір ауылда қиындық бар. Ол аудан орталығынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан. Жаңа орында Нұра ауылының үйлерін салып жатырмыз. 15-20 қыркүйекке дейін құрылысты аяқтаймыз», - деді Қанат Шарлапаев.

Сонымен қатар министр барлық өңірде құрылыс жұмыстары уақытылы аяқталып, тұрғындар күн суықта далада қалмайтындығын баса айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде