{metadescription}
Ақмола облысында «Газель» көлігі локомотивпен соқтығысты

Ақмола облысында «Газель» көлігі локомотивпен соқтығысты

Ақмола облысында теміржол өткелінде бағдаршамның тыйым салынған белгісін ескермеген «Газель» көлігі локомотивпен соқтығысты.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы тамыздың 13-інде «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 72 шақырымында болған. «Газель» көлігінің 41 жастағы жүргізушісі теміржол өткелінде бағдаршамның тыйым салынған белгісін ескермей өтіп кетпек болған. Осы кезде оны локомотив соққан.

«Абырой болғанда, жүргізуші зардап шеккен жоқ, тек көлігі зақымданды. Сонымен бірге, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-не материалдық залал келтірілді. Осыған байланысты «Газель» көлігінің жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабы 1-бөлігі және 607-бабы 1-бөлігі бойынша (көлік құралдары жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдалуына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы) және (темір жол өткелдерінен өту ережелерін бұзу) әкімшілік хаттамалар толтырылды», - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары жүргізушілерден теміржол өткелдерін өтер кезде абай болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.