Атырауда қонақүйде адам тонаған күдіктілер ұсталды
Атырауда қонақүй клиентінің бағалы алтын жүзігі мен 1,2 млн теңгесін тонаған 2 күдікті ұсталды. Тағы бір күдікті екі адамның мобильді телефондарын жымқырған, деп жазады kazinform.
Фото: Атырау облыстық полиция департаменті
14:54 13.08.2024
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тәртіп сақшылары 2 тонау қылмысына қатысты күдіктілерді ұстаған.
«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2 тонау қылмысына байланысты жедел іздестіру іс-шарасына өткізді. Қылмыстың бірі Атыраудағы қонақүйде болған. Қонақүйде 23 және 18 жастағы күдіктілер 39 жастағы тұтынушыға күш қолданған. Сөйтіп, жәбірленушінің бағалы алтын жүзігі мен қолсағатын, 1 млн 200 мың теңге ақшасын тонағаны анықталды. Күдіктілер анықталып ұсталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, аталған басқарманың қызметкерлері 45 және 42 жастағы тұрғындардың моблиьді телефонын жымқырған күдіктіні ұстады. Күдіктінің жасы – 36-да.
Қазір күдіктілерге қатысты тонау дерегімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексте тонау қылмысы үшін күдіктілерге 3 жылдан 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!