Астаналық тұрғын ұялы телефондарды іш киіміне тығып, тергеу изоляторына кіргізбек болған
Үш ұялы телефонды заңсыз бермек болған елорда тұрғыны жазаланды, деп жазады kazinform.
Фото: Астана қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
16:58 13.08.2024
Бұл туралы қаланың Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жедел ақпаратты анықтау барысында елордалық тергеу изоляторының қызметкерлері қамауға алынған күдіктіге әйелінің ұялы телефондар мен оған қажетті аксессуарларды беру фактісінің алдын алды.
Анықталғандай, Астана қаласының тұрғыны ұялы телефондарды іш киіміне тығып алып кіруге тырысқан. Аталған факті бойынша қамауда отырған күдіктінің әйелі ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына (қылмыстық-атқару жүйесі және арнаулы мекемелерде қамауға отырған адамдарға, тыйым салынған заттарды беру) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Біздің департамент пен оған ведомстволық бағынысты бөлімшелердің жан-жақты қабылдаған шараларының нәтижесінде тыйым салынған заттардың, оның ішінде ұялы телефондарды тергеу мекемелеріне кіргізбек болған жайттың жолы кесілді. Сотталғандардың пайдалануға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізбеу бағытындағы жұмыстар жалғасады және ерекше бақылауда болады», - дейді Астана қаласының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Дәулет Рахымбеков.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!