{metadescription}
Екібастұзда екінші сынып оқушысы көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Екібастұзда екінші сынып оқушысы көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Екібастұзда көпқабатты үйдің төртінші қабатынан құлаған 2-сынып оқушысы қазіргі уақытта жергілікті аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады kazinform.

Жазатайым оқиға бүгін Екібастұзда болған. Жасөспірім ашық тұрған терезедегі шыбыннан қорғайтын торға сүйенбекші болғанда тормен бірге сыртқа құлап кеткен. 

– Жазатайым оқиға туралы шақырту жедел жәрдемге сағат 13.48-де түсті. Ол көпқабатты үйдің төртінші қабатынан құлаған. 2017 жылғы туған қыз бала бірден Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем стансасынан.

Дәрігерлер оқушының жансақтау бөлімінде жатқанын, жағдайы ауыр екенін айтады.

Биыл Екібастұзда балалардың жоғарғы қабаттан құлау оқиғалары жиілеп кеткен. Жыл басынан өңірде 6 бала терезеден абайсызда құлап, оның екеуі көз жұмды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде