Батыс Қазақстанда 1 мың гектар аумақта шөп өртенді
Казталов ауданы Талдықұдық ауылдық округі аумағында құрғақ және шабылған шөптер отқа оранды.
Фото: БҚО ТЖД
08:03 14.08.2024
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Пшат қыстағы маңында 13 тамыз күні болып, 1 мың гектар аумақты қамтыды, деп жазады kazinform.
«Өрт оқшауланып, толықтай сөндірілді. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Оқиға орнында ТЖД бастығының орынбасары Жанболат Жаншин болып, өртті сөндіруге басшылық етті. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға ТЖ департаментінен, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтен және Казталов, Ақжайық, Тасқала аудандары ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан барлығы 114 адам, 24 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомстводан.
Талдықұдық ауылдық округінің әкімі Эльдар Аманғалиев қазіргі кезде өрттен келген шығынның нақтыланып жатқанын жеткізді.
БҚО ТЖ департаментінің мәліметі бойынша биыл жыл басынан бері 390 өрт тіркелсе, соның 11-і – дала, үшеуі – орман өрті. Соның салдарынан 461 млн 406,6 мың теңге залал келтірілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!