Түркістанда қос азаматтығы бар америкалық ерлі-зайыптыға айыппұл салынды
Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1483 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Фото: polisia.kz
10:33 14.08.2024
Оның ішінде сот шешімі бойынша 484 шетелдік елден шығарылса, қос азаматтығы бар 181 адамға қатысты тиісті шаралар қабылданған.
Түркістан қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің көші-қон қызметінің қызметкерлері ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметімен бірлесіп жүргізген рейдттік жұмыстар барысында қос азаматтығы бар АҚШ тұрғындарын анықтады. 54 және 45 жастағы ерлі зайыптылар Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған.
«Көлік полицейлері құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламағаны үшін әкімшілік хаттама толтырып, материалды Түркістан облысының мамандандырылған әкімшілік сотына жолдады. Сот шешімі бойынша шетел азаматтарына 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!