{metadescription}
Батыс Қазақстанда 9-сынып оқушысы өзіне қол жұмсаған

Батыс Қазақстанда 9-сынып оқушысы өзіне қол жұмсаған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында 9-сынып оқушысы асылып өлген, деп жазады kazinform.

Айболат Бөкеновтің Фейсбук әлеуметтік желісінде жазғанындай, оқиға биылғы мамыр айында Мәстексай ауылында болған. Анасы мен ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, мектептен шығып, асылып өлген қыздың дерегі бойынша ешкім жазасын алмай, жабулы қазан жабулы күйінде қалған.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жасөспірімнің суицид дерегі бойынша Жаңақала ауданы полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізген.

«Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы зерттеліп, тексерілді. Соның қорытындысына сәйкес қылмыс құрамы болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеу өндірісі тоқтатылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде