Air Astana: Алматыдан Бейжіңге ұшқалы тұрған ұшақтың есігі зақымдалған
Air Astana 13 тамызда «Алматы-Бейжің» рейсін дайындау кезінде әуе кемесінің есігін тамақ таситын машина зақымдағанын хабарлайды.
Фото: Air Astana
15:40 14.08.2024
«13 тамызда КС 267 Алматы-Бейжің рейсін дайындау кезінде әуе кемесінің есігін тамақ таситын машина зақымдады. Бұл рейстің жолаушылары бүгінгі рейспен діттеген жеріне жеткізіледі.
Әуекомпания рейстің кешіктірілгеніне өкініп, оған әуекомпания кінәлі емес екенін атап көрсетеді.
Air Astana Алматы халықаралық әуежайын материалдық залал келтіруден басқа ұшу кестесін бұзатын оқиғалардың алдын алуға шақырады», - делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!