{metadescription}
Жоспарлы госпитализацияға дайындық жеңілдетілді - ДСМ

Жоспарлы госпитализацияға дайындық жеңілдетілді - ДСМ

Емханалар мен стационарлардағы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру мақсатында денсаулық сақтау министрлігі халықаралық стандарттарға сай диагностикалық рәсімдерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі. 

Жаңа стандартқа сәйкес, жалпы тізімде стационарлық жағдайда соматикалық бейіндегі науқастарды емдеуге қажет негізгі 13 зерттеу анықталды, деп жазады kazinform.

Сонымен бірге бірқатар зертханалық аспаптық зерттеулер нәтижелерінің жарамдылық мерзімі 10 күннен 14 күнге дейін, 1 айдан 6 айға дейін ұзартылып, бұл госпитализацияға дайындық үдерісін айтарлықтай қысқартуға септік етті.

Диагностикалық рәсімдерді стандарттау мен оңтайландыру қажетсіз шығындарды азайтып, халықтың қалтасынан шығатын ақшаны төмендетуге бағытталған, ол өзгерістер медицина ресурстарын тиімді пайдаланып, науқастарға түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде