{metadescription}
Алматыда денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 15,2 млрд теңгеге ұлғайды

Алматыда денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 15,2 млрд теңгеге ұлғайды

Биыл денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 41,6% өсіп, 51,7 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Аталған сома медициналық жабдықтар мен вакциналарды сатып алуға және күрделі жөндеуге бағытталған.

Биыл 4 медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету орталығының құрылысы мен 12 емханада күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.

«Алматыда денсаулық сақтау инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлініп отыр. Мәселен, биыл денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 15,2 млрд теңгеге ұлғайтылды. Бұдан бөлек 11 жаңа МСАК,емхана құрылысы мен 3 емхананы күрделі жөндеу жобасы әзірленеді. Кадрлық әлеуетті арттыру үшін 2 632 дәрігер мен орта медициналық қызметкерді оқытудың үш деңгейлі бағдарламасы іске асырылып жатыр», - деп атап өтті басқармадан.

Қазақстанда алғаш рет 2024 жылы 13 маусымда Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында «Фетальді хирургия» пилоттық жобасы іске қосылды. Онда жатырішілік оталар жасалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде