{metadescription}
Сот Алматының бұрынғы басқарма басшыларын үй қамаққа жіберуден бас тартты

Сот Алматының бұрынғы басқарма басшыларын үй қамаққа жіберуден бас тартты

Алматы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының бұрынғы басшысы Алмасхан Ахметжанов пен жер қатынастары басқармасының бұрынғы бастығы Ардақ Самамбетовтің адвокаттары судьядан қорғауындағы азаматтарды үй қамаққа жіберуін сұрады, деп жазады kazinform.

Сот отырысы барысында Ардақ Самамбетовтың қорғаушысы айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш жасады.

Сондай-ақ Алмасхан Ахметжановтың адвокаты қорғауындағы азаматты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау процесінде оның денсаулығы ескерілмегенін айтып, үй қамаққа ауыстыруын сұрады.

«Қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын тергеу соты бекіткен болатын. Қазіргі таңда оны өзгертуге негіз жоқ»,- жоқ деді судья.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.