{metadescription}
Алматыда балалар жыл басынан бері 623 жол-көлік оқиғасына ұшыраған

Алматыда балалар жыл басынан бері 623 жол-көлік оқиғасына ұшыраған

Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек жыл басынан бері балалардың 623 жол-көлік оқиғасына ұшырағанын хабарлады.

Полиция өкілі мегаполисте жыл басынан бері мопедтердің 359 жол-көлік оқиғасына ұшырғанын айтты. Оның салдарынан 364 адам түрлі дене жарақаттарын алып, 6 адам қайтыс болған. Ал электр самокаттарының қатысы бар 47 жол-көлік оқиғасында 51 адам түрлі дене жарақаттарын алған, деп жазады kazinform.

- 16 мен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандарға жол бойында электр самокаттарды жүргізуге тыйым салынады. Бұл үшін ӘҚБтК-нің 620-бабы “Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу” бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Заңды өкілдер ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы – кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу, оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - деді Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ полиция өкілі жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 15 мыңнан астам мопед жүргізушісі, сондай-ақ самокат тізгіндеген 12 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.