Қызылорда облысында биыл мото және скутерлердің қатысуымен 97 жол апаты тіркелді
Қызылорда облысында биылғы жылдың 7 айында мото және скутерлердің қатысуымен 97 жол апаты тіркелген. Салдарынан 2 адам қаза болып, 17 адам жарақатт алған, деп жазады kazinform.
Фото: ti.pavlo/Instagram
17:15 15.08.2024
Қызылорда облысында биылғы жылдың 7 айында алкоголді масаң күйде скутер құралын басқарудың 4 дерегі анықталған.
«Есепті мерзімде мото және скутер құралдарының жүргізушілеріне қатысты 1069 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары рәсімделді. Скутер басқарған 63 жасөспірімнің ата-анасына шара көрілді. Алкоголді масаң күйде скутер құралын басқарудың 4 дерегі анықталды. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі «Жол жүрісі туралы» Заңының 57-бабына сәйкес, мопед, скутер жүргізушілеріне бір қолымен рульден ұстамай жүргізуге, арнайы жабдықталған мопедтерден басқа мопедтермен жолаушыларды тасымалдауға, ұзындығы немесе ені елу сантиметрден артық шығып тұратын немесе басқаруға кедергі келтіретін жүктерді тасымалдауға тыйым салынады. Сондай-ақ бұл бойынша басқа да талаптар бар», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!