{metadescription}
Қызылордада тергеу изоляторында отырған адамға жаңғаққа есірткі салып өткізбек болған

Қызылордада тергеу изоляторында отырған адамға жаңғаққа есірткі салып өткізбек болған

Қызылорда облысында тергеу изоляторында отырған адамға танысы жаңғақ ішіне салып есірткі өткізбек болғаны анықталды, деп жазады kazinform.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №68 мекемесінде қамауда отырған азаматқа жақын танысы сәлем-сауқат әкелген. Мекеме қызметкерлері сәлем-сауқатын тексеру барысында жаңғақ ішінен өзіне тән өткір иісі бар жасыл түсті затты анықтады. 

«Мекемеге жедел тергеу тобы шақыртылып, анықталған затқа сот химиялық сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысыменжасырылған заттың 8,56 грамм келтірілген марихуана екені расталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296 -бабының 2- тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», - деді жедел бөлім тобының жедел уәкілі Бекнұр Байдүсен. 

Мекемеге тыйым салынған заттардың өтіп кетпеуінің алдын алу жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда. Тергеу мекемесінде әрбір қамауда отырған айыпталушылар мен сотталған азаматтарға әкелінген сәлем-сауқатты арнайы құралдармен тексеріледі. 

«Тыйым салынған заттарды анықтайтын рентген аппараты да жұмыс жасайды. Қызметкерлердің жіті қадағалау барысында тыйым салынған заттар анықталып отыр. Мекеме қызметкерлері әрбір келушілерге сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттарды әкелу заң алдында жауап берілетіндігін ескертсе де, осындай жағдайлар тіркелді», – деді Б. Байдүсен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде