{metadescription}
Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады

Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады

Казгидромет 16 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Астанада көшпелі бұлт, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады, найзағай соғады, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 21-23 жылы.

Алматыда көшпелі бұлт, күндіз қысқа жаңбыр жауып, найзағай соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады 3-8, найзағай кезінде екпіні секундына 18 метр. Түнде ауа температурасы 24-26, күндіз қатты ыстық 33-35 градус.

Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 34-36 жылы.

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады 9-14, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, облыстың батысында екпіні секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 18-23 жылы. Көкшетауда көшпелі бұлт, таңертең және түстен кейін жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 19-21 жылы.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады 9-14, орталықта, оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында екпіні секундына 18-23 метр. Түнде ауа температурасы 21-26, облыстың таулы аудандарында 11-16 жылы, күндіз қатты ыстық 33-38 градус, облыстың таулы аудандарында 23-28 жылы. Қонаевта көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады 9-14, күндіз екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз қатты ыстық 35-37 градус.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады 9-14, шығыста, орталықта, облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 17-22 метр. Түнде ауа температурасы 20-25, облыстың таулы аудандарында 10-15 жылу, күндіз қатты жылу 32-37 градус, облыстың таулы аудандарында 23-28 жылы. Талдықорғанда көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады 7-12, найзағай кезінде екпіні секундына 17-22 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 32-34 жылы.

Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады 8-13, облыстың солтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 21-26, облыстың таулы аудандарында 17, күндіз 32-37, облыстың таулы аудандарында 29 жылы. Түркістанда бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады, секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 35-37 ыстық.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр, найзағай болады. Батыс және солтүстік-батыстан жел соғады, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 23-28 жылы. Оралда бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс және солтүстік-батыстан жел соғады, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 23-25 жылы.

Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-батыстан жел соғады 9-14, күндіз облыстың оңтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 24-29 жылы. Атырауда бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады түнде 2-7, күндіз секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 жылф.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай болады. Батыс және оңтүстік-батыстан жел соғады 9-14, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың батысында 22 жылы, күндіз 27-32 жылы. Ақтауда көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр, найзағай болады. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 27-29 жылы.

Ақтөбе облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай бар. Батыс, солтүстік-батыстан жел соғады 9-14, күндіз оңтүстікте, облыстың орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың оңтүстігінде 16, күндіз 20-25, облыстың оңтүстігінде 28 жылы. Ақтөбеде көшпелі бұлт, түнде аздаған жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыстан жел соғады, секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 21-23 жылы.

Түнде Қостанай облысының батысында, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 жылы. Қостанайда көшпелі бұлт, таңертең және түстен кейін жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 18-20 жылы.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, секундына 9-14 метр, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20, екпіні секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, күндіз 15-20, облыстың оңтүстік-шығысында 23 жылы. Петропавлда көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 18-20 жылы.

Түнде Павлодар облысының орталығында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, күндіз батыста, облыстың солтүстігінде жаңбыр, найзағай болады. Батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 22-27 жылы. Павлодарда көшпелі бұлт, түнде жаңбыр, кейде қатты жаңбыр, найзағай болады. Батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр, түнде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 23-25 жылы.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздап жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең солтүстікте, облыстың орталығында тұман. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр, кейде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 21, күндіз 20-25, облыстың оңтүстігінде 30 жылы. Қарағандыда түнде жаңбыр, күндіз аздап жаңбыр жауады. Найзағай. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр, кейде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы 11-13, күндіз 22-24 жылы.

Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-16, облыстың батысында 19, күндіз 19-24, батыста, облыстың орталығында 27 жылы. Жезқазғанда жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 25-27 жылы.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай ауысады, екпіні секундына 9-14 метр, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың шығысында 13 жылы, күндіз қатты ыстық 30-35 градус, облыстың солтүстігінде, шығысында 26 жылы. Өскеменде көшпелі бұлт, таңертең және түстен кейін жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай ауысады, екпіні секундына 7-12 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 30-32 жылы.

Абай облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың шығысында, орталығында бұршақ, дауыл. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай, екпіні секундына 9-14 метр, солтүстікте, оңтүстікте, облыстың орталығында 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метр. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың батысында 13, күндіз 27-32, облыстың оңтүстігінде 36 градус ыстық. Семейде көшпелі бұлт, жаңбыр, найзағай бар. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай ауысады, екпіні секундына 7-12 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 28-30 жылы.

Түнде Қызылорда облысының шығысында аздаған жаңбыр, найзағай болады. Батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр, күндіз солтүстікте, облыстың орталығында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 27-32 жылы. Қызылордада бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан жел соғады, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 29-31 жылы.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың таулы аудандарында 17, күндіз 30-35, облыстың таулы аудандарында 27 жылы. Таразда бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 33-35 ыстық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде