{metadescription}
Қарағанды-Балқаш тас жолында жол апатынан екі адам қаза тапты

Қарағанды-Балқаш тас жолында жол апатынан екі адам қаза тапты

Қарағанды маңында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмып, бес адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazinform.

Қайғылы оқиға 16 тамыз түнгі сағат 00:30-да "Қарағанды - Балқаш" автожолында Спаск кентінен 2 шақырым қашықтықта орын алған.

«Хундай Элантра» және «ГАЗель» маркалы екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан 32 жастағы «Хундай Элантра» автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. «ГАЗель» автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі, оның екі жолаушысы және «Хундай Элантра» көлігінде болған үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасы үш адам, оның ішінде бір бала ауыр халде жан сақтау бөліміне жатқызылғанын хабарлады.

«Бес пациент Х. Мақажанов атындағы клиниканың қабылдау бөліміне жеткізілді, оның ішінде екі пациент ауыр халде, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылды. Екі пациент шұғыл травматология бөліміне жатқызылды, олардың жағдайы орташа. Бір науқас қанағаттанарлық жағдайда болды, сондықтан ол амбулаториялық емделуге жіберілді. Тексеруден кейін бір бала Қарағанды қаласының Облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізіліп, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылды, жағдайы ауыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.