{metadescription}
Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты үкім өзгерді

Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты үкім өзгерді

Өскемен қалалық №2 соты Қайрат Сатыбалдының жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтінішін қарады. Бұл туралы соттың баспасөз қызметінен мәлім болды.

Сот үкімімен Сатыбалды сеніп тапсырылғанның мүлкін жымқыру, ұрлық жасау мақсатынсыз залал келтіру бойынша мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Ол өзінің өтінішхатында жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхатын беру үшін заңның барлық талаптарын орындағанын атап көрсеткен.

«Сотталған өтінішхатын қолдап, оны қанағаттандыруды сұрады. Негіз ретінде өзінің оң мінездемесін, үкім бойынша залалдың орнын толтырғанын, сондай-ақ жалпы сомасы 700 млрд теңгеден астам мүлікті және өзге де қаражатты өз еркімен мемлекетке қайтарғанын айтты. Түзеу мекемесінің өкілі сотталушының өтінішхатын қолдады.

Прокурор да Сатыбалдының өтінішхатын қанағаттандыруды сұрап, оның жазаны ауыстыру үшін барлық шарттарды орындағанын, сондай-ақ мемлекетке өз еркімен өзге де мүлікті бергенімен негіздеді», - делінген сот ақпаратында.

Атап айтқанда, ҚК-нің 73-бабы ауырлығы орташа қылмыстар немесе ауыр қылмыстар үшін сотталған адамды жазаның өтелмеген бөлігінің қалған бөлігін мынадай жағдайларда неғұрлым жеңіл жаза түрімен алмастыру мүмкіндігін көздейді:

- жаза мерзімінің кемінде 1/3 бөлігін өтегеннен кейін;
- келтірілген залал толық өтелген жағдайда;
- жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзу жағдайларының болмауы.

Сатыбалды орташа ауыр қылмыс және ауыр қылмыс жасаған. Ол жазаның 1/3 бөлігінен астамын өтеген. Түзеу мекемесінің әкімшілігі сотталғанға қатысты оң сипаттамасын берген

«Қылмыспен келтірілген залал толығымен өтелген. Сот үкімімен өндіріп алынған сомалар (іс жүргізу шығындары, мәжбүрлі төлем) төленген.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде сот сотталушының өтінішхатын қанағаттандырды және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстырды», - деп аталып өткен сот ақпаратында. 

Қ.Сатыбалдыға пробациялық бақылау белгіленді. Тұрақты жұмысы болмаған жағдайда, сотталған жазаны өтеудің барлық мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылады.

Сот қаулысымен оған мынадай міндеттер жүктелген:

- Соттың қаулысы тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне заңды күшіне енген күннен бастап 10 күн ішінде есепке қою үшін келу, сотталған адамның (пробация қызметінің) мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды хабардар етпей тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын ауыстырмау, басқа да міндеттерді орындау сотталғанды түзеуге және оның жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алуға ықпал етеді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.