{metadescription}
Ковид індеті: қазақстандықтар жаппай маска таға ма

Ковид індеті: қазақстандықтар жаппай маска таға ма

Париж Олимпиадасынан оралған бірқатар қазақстандық спортшыдан ковид індеті анықталып, Мемлекет басшысымен кездесу кейінге шегерілгені белгілі. Осы ретте, қоғамда «індет өршіп жатыр, барлығы жаппай маска тағуы тиіс» деген мәндегі түрлі алып-қашпа әңгімелер айтыла бастады. Бұл мәселеге ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев түсініктеме берді.

«Елімізде короновирус инфекциясына байланысты жағдай тұрақты. Медициналық нысандардың қызметкерлері ғана маска тағуға міндеттелген. Емделушілердің маска тағу яки тақпауы өз еркінде», - деді ол.

Айта кетейік, ҚР мемлекеттік бас дәрігерінің м.а. 2024 жылғы 16 тамыздағы №7 «2024-2025 жылғы эпидемиялық маусымда тұмау, өткір респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) және коронавирус инфекциясы (COVID-19) бойынша санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы» қаулыға қол қойды.

Қаулыда ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусым мерзіміне профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар, соның ішінде:

– 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу;

– Медициналық ұйымдарда: кіреберісті «сүзгі» жұмысымен қамтамасыз ету, бетперде тағу, антисептиктердің болуы;

– ЖРВИ, тұмау байқалған бір жасқа дейінгі сәбилер мен жүкті әйелдердің үйге шақыртуына бірінші кезекте қызмет көрсету қарастырылған.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.