{metadescription}
Ақтөбеде кәріз-сорғы стансасында екі жұмысшы көз жұмды

Ақтөбеде кәріз-сорғы стансасында екі жұмысшы көз жұмды

Ақтөбе облысы Ембі қаласында «Ембі жылу» КМК-нің екі жұмысшысы қаза тапты. Тағы екеуі ауруханаға түсті. Олар кәріз стансасын жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Оқиға бүгін түс мезгілде болды. Ембі қаласының әкімі Райымбек Мусағалидің айтуынша, шаһарда 5 кәріз-сорғы стансасы бар. Соның біреуінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жұмысшылары кенеттен қаза тапты. 

«Сағат 12:30-да маған «жұмысшылар қаза тапты» деген хабар келді. Бірден оқиға орнына бардым. Сол кезде екі адамның денесін шығарған, екеуін ауруханаға алып кеткен. Бір адам жұмыс істеп, бір-бірін құтқармақ болып көз жұмған секілді. Көз жұмған екі адам да 58 жаста», - деді Ембі қаласының әкімі Райымбек Мусағали. 

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, аман қалған 46 және 53 жастағы ер адам дереу ауруханаға жетізілді. Оларға «метан газына уланған» диагнозы қойылды. 

«Ауруханаға жеткізілген адамдардың жағдайы бірқалыпты. Шағымы жоқ», - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі адамның денесін құтқарушылар алып шыққан. Ал облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бабы бойынша іс қозғалды.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.