{metadescription}
Қонаевта бірнеше күн газ болмайды

Қонаевта бірнеше күн газ болмайды

Қонаевта 20-23 тамыз аралығында газ беру тоқтатылады. Бұл туралы «Қапшағай аумағының газ желілері» ЖШС мәлімдеді.

Мекеменің ақпаратына сәйкес, газ беру Абай көшесінің жолын жөндеумен қатар, үлкен қысымды газ желісін жаңғыртуға байланысты уақытша тоқтатылады. Газ құбырының жаңа желісін қолданыстағы желіні ажыратпай қосуға мүмкіндік жоқ.

«Үш күн бойы №1,2,3,4,5, Восточный, Гүлдер, Спутник, Арна, Рауан, № 18,19,20 шағын аудандарында және Железнодорожная көшесінде көгілдір отын беру тоқтатылады немесе кей аудандарда газ қысымы төмендеуі мүмкін. Көгілдір отынды көп уақыт жоғалтпай қосуға тырысамыз. Уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», - деп хабарлады мекемеден.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде