Ыстықкөлде төтенше жағай режимі енгізілді
Қырғызстанның Ыстықкөл облысының кейбір аудандарында нөсер жауын салдарынан сел жүріп, бірқатар жолды су басты.
Фото: Қырғызстан ТЖМ
13:16 19.08.2024
Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ТЖ режимі 18 тамызда нөсер жаңбырдан кейін түскен сел салдарын жедел жою үшін енгізілді.
Кырғыз Республикасы Көлік министрлігінің мәліметінше, жергілікті билік органдары, ТЖМ және жол қызметтері қатты нөсер жауған Жетіқұз, Ақ-Суй, Ыстықкөл, Тонск аудандарындағы автокөліктердің жүруіне шектеулер енгізді. Томск ауданында су өткізгіш құбырларды су шайып кетті.
Ыстықкөл облысында сел салдарын жоюға 300-ден астам адам және 10-нан астам арнайы техника жұмылдырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары