{metadescription}
Жапонияда 5,1 балдық жер сілкінісі болды

Жапонияда 5,1 балдық жер сілкінісі болды

Токионың солтүстік-шығысында 5,1 балдық жер сілкінісі тіркелді. Цунами туралы ескерту жарияланған жоқ. 

Жер сілкінісі түнгі сағат 00:50-де Ибараки префектурасында тіркелді. Жапон метеорологиялық басқармасының мәліметі бойынша, ол Хитачи қаласында Жапонияның 7 балдық сейсмикалық оқиға қарқындылығы шкаласы бойынша 5-тен төмен және жақын маңдағы Такахагиде 4-тен төмен болды. 

Жергілікті полицияның хабарлауынша, префектурада зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. 

«Жер сілкінісі «Токай-2» атом электр станциясына әсер еткен жоқ», - деп хабарлады станция операторы.

Бұған дейін Жапония жағалауында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі болғаны хабарланған, оның ошағы 122 мыңға жуық адам тұратын Кисаразу қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 396 шақырым жерде орналасқан.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде