{metadescription}
Жетісу облысында экс-депутат бала зорлады деген күдікке ілінді

Жетісу облысында экс-депутат бала зорлады деген күдікке ілінді

Жетісу облысында кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінген экс-депутатқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Әлеуметтік желілерде Жетісу облысында аудандық мәслихат депутаты бала зорлады деген ақпарат тараған болатын. Ақсу аудандық полиция бөлімі зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады

«Ақсу аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған азаматқа қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қажетті сот сараптамаларын тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіледі. Тергеу шеңберіндегі өзге де деректер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды», - деп хабарлады полиция бөлімінен.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде