Елдің шығысынан жылқы ұрлап, оңтүстікке сатумен айналысқан қарулы топ ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында мал ұрлығымен айналысқан қарулы топ ұсталды.
Фото: ШҚО ПД
19:26 19.08.2024
Өңір полицейлері мал ұрлығымен айналысқандарды қолға түсірді. Олардың 70-тен астам рет жылқы ұрлағаны, мал етін елдің оңтүстігіне апарып сатқаны анықталды. Соның салдарынан келтірілген шығын көлемі 47 млн теңгеден асады.
«Тәртіп сақшылары күдіктілерді жедел іздестіру шаралары барысында ұстады. Төрт күдікті бірлесе әрекет еткен. Мал басының бір бөлігі тәркіленді. Тергеу барысында мал ұрлаушылардың иесіз жылқыларды іздегені, кейін мал ұстау орындарына жеткізіп, ары қарай жүк көліктерімен басқа аймақтағы базарларға тасымалданғаны анықталды», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.
Сонымен қатар ұсталғандардан атыс қаруының бірнеше түрі және 60-тан астам патрон тәркіленді. Қазіргі уақытта олар бойынша сараптама тағайындалды.
«Айыпталушылар сот санкциясымен қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жағы тексеріліп жатыр», - делінген ақпаратта.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!