{metadescription}
Атырауда 181 адам балаларына алимент төлеуден жалтарғандар есебінде тұр

Атырауда 181 адам балаларына алимент төлеуден жалтарғандар есебінде тұр

Атырау облысында жыл басынан бері 181 адам баларына алимент төлеуден жалтарғандардың есебіне алынған, деп жазады kazinform.

Атырау қалалық полиция басқармасы көші-қон бөлімінің инспекторы, полиция лейтенанты Римма Сидихованың айтуынша, кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуден жалтарғандар мемлекеттік органдар мен сот орындаушыларының есебінде тұр.

«Учаскелік полиция қызметкерлері сот орындаушыларымен бірге алимент төлеуден жалтарғандарды, борышкерлер мен туысқандарымен қарым-қатынасын үзгендерді ұдайы іздестіреді. Мәселен, биыл жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарғаны үшін 181 адам мемлекеттік органдардың, сот орындаушыларының есебіне алынды. Ал, көші-қон бөлімі арқылы алимент төлеуден жалтарып жүрген 26, борышкер санатындағы 25 және туысқандарымен қарым-қатынасын үзген 7 адам іздестіру есебінде тұр», -дейді Римма Сидихова.

Оның дерегіне сүйенсек, борышкерлерді іздестіруге байланысты рейдтің алғашқы күнінде 10 адам анықталған. Оның ішінде алимент төлемеген 8, өзге қарызын өтемеген 2 борышкер бар.

«Рейдтік іс-шара кезінде кәмелет жасына толмаған балаларын бағып-қағу міндетін орындамай, алимент төлеуден жалтарған ер адам ұсталды. Оның қарызы шамамен 2 млн теңгеге жуық соманы құрайды. Тағы бір атыраулық тұрғынның 2017 жылдан бері баласына алимент төлеу міндетін орындамай келгені анықталды. Ол алиментке берешегін өтеуден бас тартып, бала алдындағы жауапкершіліктен жалтарған», -деді Римма Сидихова.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде