{metadescription}
Көлік министрі әуежайларға инвесторлар тартуға қатысты түсінік берді

Көлік министрі әуежайларға инвесторлар тартуға қатысты түсінік берді

Әуежайларға инвесторлар тартылса да, бұл нысандар мемлекеттік органдардың толық бақылауында бола береді.

Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты. Тілшілер министрге Қостанайдағы әуежайдың акцияларын сатуға қатысты сұрақ қойылды, деп жазады kazinform.

«Не себепті осы әуежайларды қазақстандық компаниялардың басқаруына бермеске? Бұл ретте, Қостанайдағы әуежайдың мәселесіне түсінік берсеңіз», - деп сұрады тілшілер.

Өз кезегінде М. Қарабаев Қостанай әуежайына белгілі бір инвестордың болуы немесе сатылуы туралы өтініш түспегенін айтты.

«Кез келген өтініш болса, оны Үкімет қарастырады. Әрбір әуежай стратегиялық нысан саналады және оны кімге беру шешімі Үкіметтің құзыретінде. Осыған дейін қостанайлық әуежайды сатып алу жөнінде ұсыныс жасағаны туралы ресми мәлімет министрлікке түспеді. Жалпы, елдегі әуежайлардың баршасына рет-ретімен инвестор тарту жұмысы жүріп жатыр. Бұл тұрғыда Қазақстаннан да, сондай-ақ шетелден де тартылуы мүмкін. Шетелден инвестордың келуі заңға қайшы емес. Атап айтқанда, әуежай мемлекеттік органдардың толық бақылауында бола береді, себебі ол стратегиялық нысан саналады. Нысанның құрылтайшысы шетелдік немесе Қазақстан азаматы болса да, бақылаудан тыс қалмайды», - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, әуежайлардың инфрақұрылымын инвестор есебінен жаңартуға Көлік министрлігі ерекше екпін қойып отыр.

«Осының нәтижесінде әуежайлар жаңартылып, жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасалады», - деді министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде