{metadescription}
Елімізде такси жүргізушілері міндетті медициналық тексеруден қашаннан бастап өтеді

Елімізде такси жүргізушілері міндетті медициналық тексеруден қашаннан бастап өтеді

Елімізде такси жүргізушілері міндетті медициналық тексеруден қашаннан бастап өтеді.

Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстандағы такси жүргізушілерін медициналық тексеруден өткізуге қатысты түсінік берді.

Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында министр қазір тиісті түзетулер пысықталып жатқанын айтты. Жүргізуші қызметін бастағанға дейін міндетті медициналық тексеруден өткізу қарастырылып жатыр.

«Биыл емес, келер жылы іске қосылуы мүмкін. Нақты қай кезде енгізілетінін тағы да жариялаймыз. Себебі бұл тұрғыда мемлекеттік органдар да, интернет-агрегаторлар да (InDriver және Яндекс) тиісті дайындықтан өтуі керек», - деді М. Қарабаев.

Биыл шілде айында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов интернет арқылы такси қызметін көрсетушілердің жұмысын заңмен реттеу қажеттігін айтты. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде